«Бойжеткен елорда ІІД-не биылғы жылдың 29-маусымында хабарласты. Ол арызда маусымның 28-інен 29-ына қараған түні қаладағы дәмханалардың бірінде белгілі боксшы Бахтияр Артаевтан таяқ жегенін жазған», - дейді баспасөз қызметі өкілі.
Қазір аталған факті тексеріліп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.