Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев банкке 13,6 миллион теңге қарыз болып шықты

«Қазақстан халық банкі» Астанадағы Сарыарқа аудандық сотына Сәрсекбаевтың үстінен азаматтық арыз түсірген. Боксшы 120 айлық мерзімге 15% сыйақы мөлшерлемесі көлемінде 13 миллион 600 000 теңге несие алып, жылжымайтын мүлік ретінде Астана қаласындағы жеке пәтерін кепілге қойыпты. Соңғы тексерістерден кейін сот екіжақты келісімді жарамсыз деп таныды. Өйткені, оның өз міндетінен жалтармақ болғаны анықталған. Енді боксшы банкке қарызы мен мемлекет пайдасына сот шығындарын толық өндіріп беруі керек.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Бақыт Сәрсекбаев тағы бір сотта жеңіліп, өзіне тиесілі автокөлікті Эльвира Сәрсекбаеваға беруге шешім шыққан болатын.