Қазір онда алдымен Алматы облысының өкілі Денис Ганькин бақ сынауда. Ал түске қарай батысқазақстандық Анастасия Баннова алғашқы сынға қатысады. Олар төрт жылда 1 рет өтетін бұл дүбірлі доданың нормативін 18-23 маусым күндері АҚШ-тың Огден қаласында өткен әлемдік іріктеу турнирінде орындаған болатын. Онда 26 ақпанда 23 жасқа толған Анастасия - сегізінші, ал 13 желтоқсанда 23-ке толғалы отырған Денис алтыншы орыннан көрінген еді.
Жалпы Лондондағы бұл дүбірлі додада 4 медальдар жиынтығы сарапқа салынбақ. 30 шілде мен 1 тамыз аралығында 1/32 және 1/32 финалдық ойындары, 2 тамызда - әйелдер, 3 тамызда ерлер арасындағы жүлдегерлердің есімдері белгілі болады.