«Алматы облысының спортшылары соңғы жылдары өте жақсы жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Мысалы, ауыр атлетикадан әлем чемпионатында біздің жігіттер мен қыздар төрт «алтын» жеңіп алды! Және бұл бастамасы ғана. Алда - қысқы Азиялық және Олимпиадалық ойындар күтіп тұр. Біз спортшыларымызды ынталандыруымыз керек. Сондықтан мен депутаттарымызды келесі жылғы бюджетті қараған кезде Олимпиада чемпиондарын ынталандыру мәселесін қарастыруды сұраймын»,- деп атап көрсетті әкім өз сөзінде.
С.Үмбетовтың айтуынша, бірінші орын үшін - 10 миллион теңге, екінші орын үшін - 7 миллион теңге, үшінші орынға - 5 миллион теңгеден бөлу керек.