Олимпиада жүлдегерлері Қазақстанға бірінші орын алып берді

52 келі салмақта ел намысын қорғаған Ілияс Сүлейменов финалда қытайлық Май Кинкиксянды 16:10 есебімен жеңіп, чемпион атанды, деп хабарлайды alasharena.kz.

81 келіде сынға түскен Лондон Олимпиадасының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов ақтық сында голландиялық Петер Мулленбергпен жұдырықтасып, 10:9 есебімен басым түсті.

Аса ауыр салмақтағы Иван Дычко финалда армениялық Армен Симонянды жеңіп, ұлттық құрамаға үшінші жеңіспен қатар, жалпыкомандалық есептегі бірінші орынды алып келді.

Кеше жастарымыз Азия біріншілігінде 4 алтын алып, топ жарған еді. Енді, ұлттық құрама да Чехия төрінен олжалы оралуда.