Алғашқы жаттығуда 100 метрге жүгіруде өз тобында бірінші келген Дмитрий Карпов, екінші ұзындыққа секіру жаттығуында 10-орынға ие болды. Осылайша жерлесіміз жалпы есепте 1745 ұпай жинап, 12-орынға тұрақтады. Бірінші орында екі сайыста да үздік нәтиже көрсеткен АҚШ атлеті Эштон Итон келе жатыр. Онсайысшылардың келесі жаттығуы - ядро лақтыру.