Олимпиада-2012 тарихтың еншісінде: Барлық қазақстандық олимпиадашылар өз еңбегімен, қажыр-қайратымен және жеңіске деген құштарлығымен құрметке лайық

Бұл күні палуан Ақжүрек Таңатаров (қола) және боксшылар Әділбек Ниязымбетов (күміс) пен Серік Сәпиев (алтын) жанкүйерлерімізді қуантты, деп еске салады http://www.olympickhabar.kz сайты.

Олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстанның есебінде 7 алтын, 1 күміс және 5 қола медальдар болды. Ресми емес командалық есепте (алтын бойынша) біздің команда 12-орынды иеленді. Бұдан бұрынғы олимпиадада біз 29-орында болған едік. Осы жолғы Олимпиада қазақстандық спорттың бүкіл тарихындағы ең табысты болды!

Олимпиада күндерінің өн бойында қазақстандықтар медаль қоржынын толтырумен болды. Бүкіл ел - үй шаруасындағы әйелдер мен зейнеткерлерден бастап үлкен кабинеттердегі шенеуніктерге дейін біздің спортшылардың Лондондағы өнерін кірпік қақпай бақылап отырды. Бүкіл ел спортшыларымыздың жеңістері үшін мақтаныш сезіміне бөленді.

Ал шетелдерде Қазақстанға мұнша табыс қалай келген, деп бас шайқады. Тіпті біздің ең жақын көршілеріміз бен достарымыз - ресейлік спорт телетүсіндірмешілері де алғашқы аптадағы олимпиадалық тікелей хабар барысында көрермендерге қазақстандық команда Ресей құрамасын басып озып отырғанын (кейде қызғаныш сезімімен) айтып қалып отырды.

Чемпиондар мен жүлдегерлер ғана емес, өздерінің еңбегімен, қажыр-қайратымен және жеңіске деген құштарлығығымен біздің барлық олимпиадашыларымыз да құрметке лайық.

Олар еліміздің мәртебесін асқақтатты.

28 шілде. Александр Винокуров тас жолдағы топтық жарыста барлық бәсекғелестерін шаң қаптырып, олимпиада чемпионы атанды.

29 шіәлде. Зүлфия Чиншанло 53 келіге дейінгі салмақтағы ауыр атлетика бойынша жарыстарда бірінші орынға ие болды. Ол жұлқа көтеруден - 131 келіде әлемдік рекорд және қоссайыс қорытындысында олимпиадалық рекорд жасады.

31 шілде. Зілтемірші Майя Манеза 58 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде олимпиада чемпитоны болып, қоссайыс қорытындысымен олимпиадалық рекордқа қол жеткізді.

3 тамыз. 75 келі салмақ дәрежесінде Светлана Подобедова алтын медальды жеңіп алды. Света жұлқа көтеруде - 161 келіде олимпиадалық рекорд жасады.

4 тамыз. Илья Ильин ауыр атлетикадан 94 келі салмақта алтын медальға қол жеткізді. Илья жұлқа көтеруде - 233 келіде және қоссайыс қорытындысында - 418 келіде әлемдік рекордты жаңартты. Қазақстандық зілтемірші екі дүркін олимпиада чемпионы атанды.

5 тамыз. Қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова ұш қарғып секіруде алтын медальды қанжығасына байлады. Оның нәтижесі - 14,98 метр. Ол өз бәсекелестерінен қара үзіп кетті.

6 тамыз. Грек-рим күресінің палуаны Даниял Гаджиев 84 келіге дейінгі салмақта қола медальді ұтып алды.

9 тамыз. Боксшы Марина Вольнова 75 келіге дейіңнгі салмақта Олимпиадада 3-жүлделі орынға табан тіреді. Марина бокстан олимпиададағы алғашқы қазақстандық жүлдегер болды.

Күресші Гөзел Манюрова 72 келіге дейінгі салмақта Олимпиаданың қола медаліне ие болды. Ол әдемі де күшті қыздарымыздың бірі.

10 тамыз. Боксшы Иван Дычко 91 келіден астам салмақта елімізге қола медаль алып берді. Иван бокста нағыз шеберлік көрсетті.

12 тамыз. Еркін күрес палуаны Ақжүрек Таңатаров 66 келіге дейінгі салмақта қола медальды жеңіп алды. Ол өзінің жеңіске длеген құштарлығын көрсете білді.

Боксшы Серік Сәпиев 69 келіге дейінгі салмақта олимпиада чемпионы болумен қатар Олимпиаданың ең нағыз техникалық шебер боксшысы ретінде Вэл Баркер Кубогына ие болды.

Боксшы Әділбек Ниязымбетов 81 келіге дейінгі салмақта күміс медальді жеңіп алды. Әділбек Олимпиаданың соңына дейін аянып қалған жоқ.

Енді олимпиада тарихқа айналды.