5,70 метр ұзындыққа секірген еліміздің жеңіл атлеті 759 ұпай алды. Бес сайыстың қорытындысы бойынша 4027 ұпай жинаған И.Карпова жалпы тізімде 34-ші орында келе жатыр. Ол ендігі кезекте найза лақтыру мен 200 метрге жүгіру сайыстарында өз бағын сынайды.