Олимпиадада латвиялық спортшы Абайдың «Айттым сәлем, Қаламқас» әнімен өнер көрсетті (ВИДЕО)

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Qazaqstan.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Жарыста Латвиялық Денис Васильев Абайдың «Айттым сәлем, Қаламқас» әнімен өнер көрсетіп, көрерменді тәнті етті. Қорытынды нәтижеде Денис 85.30 ұпай жинап, 16-орыннан көрінді. Енді ол еркін бағдарламада сынға түседі.

Желі қолданушылар : "Жарайсың Денис Латвиялық фигурист, Қазақстаннан олимпиядаға фигурист шықпасада, Абайдың "Айттым салем Қаламқас" əніне билегені, Денисті Қазақстаннан шыққан фигуристей сезініп жатырмыз. Сәттілік Денис, бірінші орын ал, алтынға жет","Бапкерге браво", "Мынаны қазақ азаматы етіп қабылдау керек", - деп Латвиялық спортшыны қолдап жатыр.

Видеоның толық нұсқасы осы сілтемеде: 
https://www.youtube.com/watch?v=QgtOEgstVFM