Олимпиадада норовирус жұқтырғандар саны көбейіп жатыр

10 ақпандағы жағдай бойынша, індетке шалдыққандар саны 139 адам болған еді, деп хабарлайды Қазақпарат ТАСС ақпаратына сүйеніп.

«Сенбі күнгі жағдай бойынша норовируспен ауырғандар саны 158-ге жетті. Олардың кейбірі ауруханада ем алды. 139 адам толықтай айығып кетсе, 19 науқас дәрігерлердің жіті бақылауында. Қазіргі таңда бір де бір спортшы бұл вирусты жұқтырған. Жоқ», - деді Сон Пэк Ю.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Олимпиада ойындарында құқықтық тәртіпті күзетумен айналысатын жеке компанияның 1 200-ден астам қызметкері норовирус салдарынан жұмыстан шеттетілген еді.