Олимпиадада жеңіске жетуге тәжірибенің үлесі мол болды - А. Винокуров

Оның сөзіне қарағанда, биылғы Олимпиадада жеңіске жетуге тәжірибенің үлесі мол болды. «Менде «күміс» жүлде бар, сондықтан да «алтынға» қол созу мақсат болды. Маған жинақтаған тәжірибем көмектесті. Сонымен қатар тактикалық түрде мен барлығын дұрыс жасадым»,-деді А. Винокуров.

Естеріңізге сала кетейік, 28 тамыз күні Лондондағы Олимпиадада Қазақстанның велошабандозы Александр Винокуров тас жолындағы топтық жарыста алтын медальды жеңіп алды. 38 жастағы спортшы колумбиялық Ригоберто Уран-Ураннан озып, бірінші болып келді. Қола медаль норвегиялық Александр Кристофқа бұйырды.

Қазақстандық спортшы 250 шақырымдық қашықтықты 5 сағат 45 минут 57 секундта еңсерді.