Олимпиадаға спортшыларды дайындауға республикалық бюджеттен 3 млрд астам теңге жұмсалды

"Республикалық бюджеттен 2007-2008 жылдары 3 млрд 110 млн теңге жұмсалды", - деді А.Құлназаров.

Бұл қаражаттан оқытру-жаттықтыру және спорттық шараларды өткізуге 1 млрд 815 млн, тамақтандыру мен жалақыға - 800 млн, спорттық жабдықтар, құралдар мен киім-кешекті сатып алуға - 191 млн, спорттық орын-жайларды жалға алуға - 292 млн, дәрі-дәрмектер, фармакологиялық және биологиялық белсенді қоспаларды алуға - 76 млн, қара уылдырық пен ара өнімдерін сатып алуға - 21 млн теңге жұмсалған.

Сонымен бірге, А. Құлназаровтың айтуынша, жоғары нәтижеге қол жеткізуге споршылар үшін Қазақстан Республикасы үкіметінің "Спортшылар мен олардың жаттықтырушыларының Олимпиада ойындарына табысты қатысуы үшін материалдық ынталандыру көлемін ұлғайту туралы" қаулысы үлкен серпін берді: алтын үшін - $250 мың , күміс - $150 мың , қола - $75 мың .

Сондай-ақ, ұлттық құраманың жаттықтырушыларына спорт түрлері бойынша берілетін жалақы көлемі ұлғайтылып орта есеппен $500 - $1000 болды.