Олимпиадалық іріктеуде жолдамадан қағылдық

Өкінішке қарай, бұл сынға аттанған қазақстандық спортшылардың барлығы бірінші кездесуде жеңіліс тауып, лицензиядан қағылды.

Ерлер арасында Вячеслав Массимов таиландтық Танангсок Саенсомбоонсукке шамасы жетпеді - 9:21, 11:21. Ал Артур Ниязов сингапурлық Дионисиус Хауом Рмбакаға есе жіберді - 10:21, 8:21.

Жұптық кездесуде Артур Ниязов пен Асқар Орманов қытайлық Ли Циаолонг/Джан Кю одағынан ұтылды - 7:21, 6:21.

Осылайша, Қазақстан бадминтоншылары Лондон жолдамасын иелене алмады.