Олимпиаданың ашылу салтанатын 3 миллиардтан астам адам көрді (фоторепортаж)

Ал «Фишт» стадионында 40 мыңға жуық адам  тамашалады. Сочи-2014 ұйымдастыру комитеті Олимпиаданың ресми порталында осындай мәліметтерді келтіріп отыр.

Сондай-ақ  ұйымдастыру комитеті салтанатты  рәсімінің кейбір құпияларын да ашты. Оны дайындауға және жүзеге асыруға 12 мың адам тартылған. Ұзындығы 4 шақырымға жуық  аспалы жүйе арқылы жылжып отыратын 80 ауқымды декорация қолданылған. Нысанға 2,64 ватт. 132 прожектор жарық беріп, тікелей эфирді 140 телекамера   қамтамасыз етті.