Олимпияда Сочи олимпиадасының алауы жағылды

Салтанатты рәсім ежелгі стадион орнында өтті, деп хабарлады РБК.

Салтанат олимпиада жалауын көтерумен басталды, хор РФ мен Грекияның мемлекеттік әнұрандарын орындады. Мінберден ресми адамдар - Олимпия мэрі Ефтимиос Котзас, Халықаралық Олимпиада комитетінің басшысы Томас Бах (Олимпияға келу  оның ХОК президенті ретіндегі шетелге алғашқы сапары болды), "Сочи-2014" ұйымдастыру комитетінің төрағасы Дмитрий Чернышенко және Грекия Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Сприос Капралос сөз сөйледі.

Олимпиада алауын абыз рөлін орындаған актриса жақты, білте параболалық айнаның ішіне орналастырылған болатын және күн сәулесімен тұтанды (бұл олимпиадалық отты гректің күн құдайы Аполлоннан алғанын білдіреді).  

Алау жағылғаннан кейін алты атлет қарусыз би биледі, бұл Олимпиада кезінде соғыстардан бас тартуды білдіреді.



Ресейлік алғашқы алаугер хоккейші Александр Овечкин болды, ол қысқы костюм киіп, ежелгі стадионмен жүгіріп өтуі тиіс болатын. Ол алауды грек шаңғышысы Яннис Антониудан алды. Эстафета 2014 жылы 7 ақпанда Сочиде аяқталады,  оған дейін Грекия аумағы арқылы алып өтіп, 5 қазанда Ресей делегациясына салтанатты түрде тапсырылады.

Алғашқы олипиадалық алау эстафетасы 1936 жылы өткізілді (қысқа Олимпиадалар үшін 1952 жылдан бастап өткізіле бастады).