Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.
Танымал блогер Мереке:
“Достар мен соңғы уақыттарда мынаны түсініп жүрмін. Ешкімді жек көрмеңіз, ертең сол адам сіздің жан досыңыз болып кетуі мүмкін екен. Және ешкімді жақсы көріп періште санап кетпеңіз. Ол сіздің қас дұшпаңызға айналуы мүмкін екен. Жалпы ешкімді жамандаудың да, асыра сілтеп мақтаудың да қажеті жоқ. Тек Алланың разылығы үшін жақсы көріп жүре беріңіз”,- деді.
Жайдарманшы аруды оқырмандары: “Иә, дұрыс айтасыз”, ”Кім қадап кетті?”, ”Мәке, сөздеріңіз от қой сіздің”,”Неше түрлі адамдар бар ғой”, ”Өмір ғой”, ”Тек Алланың разылығы үшін жақсы көру керек бәрін”, ”Иә, өте орынды”,- деп пікір қалдырды.
Сонымен қатар актриса:
“Өліп жақсы көргендерім, арқамнан пышақ сұғып жүр екен.
Жақтырмайтындарым жан досыма айналып жатыр”,- деп сөзін аяқтады.
Айта кетсек, актриса өзінің 31 жасқа толатын туған күнін Шымкент қаласында өнердегі, өмірдегі достарымен атап өтетіндігін айтты.