«OLX» -та медициналық анықтама да сатылады

Енді дәрігерлер жаңа технологияға сүйеніп өз қызмет түрлерін жетілдіріпті. Яғни ғаламторда жарнама іліп сауданы қыздыра түскен. Бұл туралы zhasalash.kz сайтының өңірдегі тілшісі хабарлайды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті «OLX» веб-сайтын мониторингтеу барысында «086у медициналық анықтама» сату туралы жарнаманы анықтаған.

Өз кезегінде олар «Құпия сатып алушы» әдісін қосып, азамат А.Мұрат телефон арқылы Тараздағы №7 қалалық емхананың қызметкері Б.Досымбековамен сөйлесіп, ешқандай дәрігерлік тексерусіз одан «086у медициналық анықтамасын» сатып алады. Аталған анықтамалықта №7 емхана дәрігерлерінің мөрлері басылып, қолдары қойылған.

Қазіргі таңда Б.Досымбековамен еңбек шарты тоқтатылып, аталған емхананың 5 қызметкері түрлі тәртіптік жазаларға тартылған.


Оқи отырыңыз:

Ипотекасын төлей алмағандардың баспанасын тартып алуға тыйым салынбақ

ШҚО-да Ұлы Отан соғысы ардагерлері 500 мың теңге көлемінде сыйақы алады