Қазақстандық талантты жастардың бірі – Ж.Елебеков атында,ы республикалық эстрада-цирк колледжінің 3-курс студенті Олжас Арапбек.
Олжас бала кезінен ғажайып әлемге сенеді және оған сенуін жалғастырып келеді. Сондықтан да ол кәсіби қызметін актерлік өнермен байланыстырды.
Ол табиғатынан арманшыл жігіт. Ал жүрек түкпіріндегі, санасындағы терең ойларын, арман-қиялдарын әлі жастығына қарамастан, қойып жүрген спектакльдерінде бейнелейді.
Нұрсұлтан Назарбаев Қорының шәкіртақысын тағайындау байқауының басты мақсаттарының бірі – еліміздің үздік студенттерін материалдық тұрғыдан ынталандыру. Бұл ретте «ең жақсы» дегеніміз жай ғана әдемі сөз емес, осы жетістіктің артында тынымсыз еңбек, өрлеу мен құлдырау, өзіңізге және сіздің күш-қуатыңызға деген мызғымас сенім жатыр.
Олжастың жетістіктері даусыз. Ол ЖОО арасындағы, қалалық және халықаралық шығармашылық байқауларға бар ынтасымен қатысады.
— Қор стипендиаты деген мақтан тұтарлық атақты алғаным үшін ұстазым Әсия Мәлімоваға қарыздармын. Ол маған байқауға қатысуға ұсыныс жасады. Көп дайындалдым, еңбегім ақталды. Қордың стипендиаты атану – жеткен жетістігіммен тоқтап қалмай, алға ұмтылуға, үнемі дамуға жетелейді, — деп есептейді Олжас Арапбек.
Сондай-ақ ол Мұқағали Мақатаевтың «Шыда, шыда» өлеңі көңілі түскен сәттерде шабыттандырып, өмірге деген құштарлығын оятатынын айтты.
«Өмір, өмір!» !/Болмайды түңілуге,/Мәңгі сені жазбаған сүрінуге,/Қайта тұрып, қақың бар жүгіруге» деген өлең жолдарын оқыған кезде мен қателесуден қорықпаймын», — дейді талантты жігіт.