Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы primeminister.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Жиын барысында Қазақстан Республикасының атом саласын дамытудың 2050 жылға дейінгі стратегиясы аясында жаңа перспективалы уран учаскелерін зерттеу, геологиялық барлау және минералдық-шикізат базасын ұлғайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға назар аударылды.
«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының ауқымды геологиялық барлау жұмыстарын одан әрі жүргізу жөніндегі жоспарлары қаралды.
Премьер-министр ел экономикасының ұзақмерзімді әрі тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін атом энергетикасын дамытудың маңызды екенін атап өтті. Жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдарға өнеркәсіптік әлеуетті одан әрі дамыту және кен орындарын игеруден түсетін ұлттық экономикалық пайданы арттыру жөнінде бірқатар тапсырма берілді.