Олжас Бектенов Қазақстан премьер-министрі қызметіне қайта тағайындалды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Caravan.kz Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасының премьер-министрі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Олжас Бектеновтің кандидатурасын Құрылтайдың қарауына Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынды. Дауыс беру қорытындысы бойынша депутаттар Бектеновті премьер-министр лауазымына тағайындауға келісім берді.
Дауыс беруге 144 депутат қатысты. Бектеновтің кандидатурасын 137 депутат қолдады, жетеуі қалыс қалды. Ешкім қарсы дауыс берген жоқ.