Олжас Бектенов Қазақстандық IT-мамандармен әлеуметтік саладағы және өнеркәсіптегі стартаптарды талқылады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы primeminister.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Отандық  Paradigm Shift (CodiPlay) компаниясының өкілдері жаңа жобалардың жүзеге асырылу барысы туралы айтып берді:

Премьер-министрге AI Kitap және OlympIQ жобаларын пилоттық режимде енгізу қарастырылатын мектептер мен спорт федерацияларының тізбесі жасалғаны туралы хабарланды.

«Жасанды интеллект технологияларын дамыту – Үкіметтің басты міндеті. Біз отандық компаниялардың өнімдерін жан-жақты қолдауға дайынбыз», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Сондай-ақ кездесуде компанияның өндірістік үдерістерді оңтайландыруға, энергетика және көлік салаларының тиімділігін арттыруға, операциялық шығындарды азайтуға және тәуекелдерді басқаруға көмектесетін технологияларды жасап шығару бастамалары қаралды. Оның өнімдеріне маңызды салаларға енгізілген деректерді талдау, болжау және автоматтандырудың интеллектуалды жүйелері кіреді.

Кездесу қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға IT-мамандардың айтқан ұсыныстарын қарастыру тапсырылды.