Олжас Сүлейменовке Елбасының 2013 жылғы Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы берілді

            Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

 
«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы туралы»

 «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы туралы» 2001 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаулы етемін:

 1. Ядролық қаруға қарсы қозғалысты дамытуға және халықтар арасындағы достық пен бірлікті нығайтуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі Олжас Омарұлы Сүлейменовке Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының 2013 жылғы Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы берілсін.

 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 Қазақстан Республикасының Президенті            Н.НАЗАРБАЕВ.

 Астана, Ақорда, 2013 жылғы 5 желтоқсан. № 706


«Татулық пен тыныштықты байлық санайтын елімізде Парламент қабылдаған ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы бар. Биыл бұл мәртебелі сыйлық белгілі отандасымыз, көрнекті ақын, қоғам қайраткері О. Сүлейменовке берілейін деп отыр»,-деді Н. Назарбаев.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы көрнекті ақынның еліміздің мәдени және рухани өсіп-өнуіне, халықаралық ынтымақтастығына зор еңбек сіңіріп жүргенін баса айтты.

«О. Омарұлы басқарған Семей-Невада қозғалысы ядролық полигонды жабуға бірден-бір көмек болғанын білесіздер»,-деді Елбасы.