Бұл туралы республика президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.
«Қазақстан Оман Сұлтандығымен өзара байланыс аясын кеңейтуге мүдделі (...). Бұған сіздердің де қызығушылық танытып отырғандарыңызды білемін», - деді ол жұма күні Астанада шетел елшілерінен сенім грамоталарын қабылдау рәсімінде.
Президент екі елдің экономикалық әлеуетін ескере отырып, ауыл шаруашылық, мұнай-химия, энергетика, көлік, туризм және құрылыс салаларындағы ынтымақтастықты жандандыру қажеттігін атап өтті.
«Омандық компанияларды еліміздегі ірі индустриалды жобаларды жүзеге асыруға атсалысуға, оқы тәжірибелерімен алмасуға, қуат көздерін өндіру және тасымалдау саласындағы білімімен бөлісуге шақырамын», - деп қосты мемлекет басшысы.