Федералды тергеу бюросына жауап берген Нур Захи Салманның айтуынша, ол күйеуінің қылмысқа баратынын іштей сезген және Омарды жұртқа қарсы қару көтермеуге үгіттеген. Сондай-ақ Нур күйеуі қару-жарақты сатып алған кезде оның қасында бірге болғаны анықталды. Нур Захи Салман Омар Матинді ол қырғын салған Pulse клубына бірнеше рет көлікпен апарған. Себебі күйеуі клубтың ішін алдын ала дұрыстап көріп алғысы келген.