Омар Жәлел: Әйелі күйеуіне 2-3 әйел әперсе жұмаққа шауып кіреді

Ендігі кезекте ол "Хит" сөздерінің қатарын, тағы бір авторлық сөйлеммен толықтырды. Бұл сөзді ол "Ниет" бағдарламасында айтты.

Бұл туралы Oinet.kz  порталына сілтеме жасап Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

"Әйелі күйеуіне 2-3 әйел әперсе жұмаққа шауып кіреді", - дейді Омар Жәлел. 

Ал, Омар Жәлелдің алдыңғы Хит сөзі де көпшілік талқыға түсіп, әлеуметтік желілерде әлі күнге дейін қызу талқыға түсуде. 


«Өлген әруақ жер таңдамайды, отырып қалған қыз бай таңдамайды. Қыз - тауар. Ата-ана сол тауарды өткізуі керек. Тауарды өткізе алмаймын деу ата-анаға сын. Мен де қызыма тауар ретінде қараймын», - дейді профессор, Абайтанушы, философ, қоғам қайраткері Омар Жәлел.