Омархан Өксікбаев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы болып қайта тағайындалды

Жарлық мәтінінде атап көрсетілгеніндей, "Омархан Нұртайұлы Өксікбаев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы болып тағайындалсын".

Сондай-ақ, президенттің жарлығымен Алтай Болтайханұлы Зейнелғабдин Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі болып тағайындалды;

Мемлекет басшысының жарлығымен Шәріпбек Шардарбек өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі қызметінен босатылды.