"Біз республика азаматтарының халықаралық институттарға шағымдану мүмкіндігі туралы заң жобаларын парламент депутаттары қолдағанын қалар едік",- деді Б.Байқадамов.
Оның айтуынша, азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық пактінің факультативті хаттамасы осындай құқық береді. "Хаттаманы бекіткен жағдайда еліміз азаматтары автоматты түрде аталмыш мүмкіндікке ие болады",- деді уәкіл.
"Қазіргі жағдаймен халықаралық бірде-бір ұйым өтінішті қабылдап ала алмай отыр",- деді Б.Байқадамов. "Қазақстан Еуроодаққа немесе Еуропарламентке мүше болып табылмайтындықтан, Еуропадағы Страсбург соты сияқты құқық қорғаушы бірде-бір институт өкілеттілікке ие емес. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюросы өтініштер мен шағымдарды қарамайды. Ол бар болғаны шағым келіп түскен елдің үкіметіне немесе құқық қорғаушы институттарына жолдай алады",- деді омбудсмен.