Омбыда мұнара краны бірнеше көлікті қиратып, үш адамды өлтірді (ВИДЕО)

Агенттік ақпаратынша, Омбыда болған оқыс оқиға салдарынан екі бала мен бір ересек адам қаза тапты. Тағы екі адам ауыр жарақат алды. Бұл келеңсіз жағдай Жуков көшесінде жергілікті уақытпен сағат 17.00 орын алды.

Оқиға орнында тергеу тобы, полиция мен медицина қызметкерлері жұмыс жасап жатыр. Краншының өзі аман қалды деп хабарланды. Алдын ала мәліметтер бойынша, апат ересек адамның, 8 жасар қыз бен бір жастағы баланың өмірін қиды. "Тойота" мен "Сибирь" көліктері әлі де үйінділердің астында.