Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, фестивальға Ресейдің шекаралас 8 өңірі мен Қазақстанның 7 облысының 70 көпұлтты ұжымдары қатысқан. Фестивальдің ресми делегацияларының құрамында әкімдік мамандары, Қазақстан халқы ассамблеясының, РФ Өңірлік даму министрлігінің, мәдениет басқармасы органдарының өкілдері, қоғамдық ұйымдардың мүшелері болды.