Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, мұндай уағдаластыққа Омск облысы делегациясының Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары кезінде қол жеткізілді. Өкілдер құрамында Қазақстанның Омскідегі консулы Асхат Нұсқабай да бар.
"Кездесу барысында Қазақстан мен Ресейдің екі ірі облысы үшін қызығушылық тудыратын мәселелер, атап айтқанда, құрылыс саласындағы мәселелер талқыланды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Делегация мүшесі - "Агро-Траст" ЖАҚ президенті Юрий Шушубаев Өскеменде салынып жатқан нысандардың құрылысын қаржыландыруға дайын екенін жеткізді. "Аталған компания қазір Омск қаласында "Ясная поляна" атты ықшамаудан құрылысын салуда. Осынау тұрғын үй массивінің ерекшелігі сол, оны тұрғызуда әртүрлі қаржыландыру түрлері пайдаланылуда. Магистралдық инженерлік коммуникациялар федералдық және муниципалдық бюджеттің есебінен тартылды", -деп түсіндірді ол.
Өскемендегі құрылыс нысандарымен танысып шыққан омбылық өкілдер осында сауда кешеніне салуды жоспарлап отырғанын жеткізді.
"Біз сіздердің идеяларыңызды қолдаймыз. Осында болған Новосибирскінің құрылыс компаниялары да біздің құрылысшылармен ынтымақтастық орнатуға шешім шығарды" - деді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Жәнібек Кәрібжанов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті