"Омикрон" коронавирусты қайта жұқтыру қаупін үш есе арттырады - ғалымдар

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Институт қызметкері Энн фон Готтбергтің айтуынша, вакцинация COVID-19-ды ауыр өткеруден қорғай алады.

Бұған дейін Оңтүстік Африка дәрігері Анжелик Кутзее бастапқы кезеңде  "омикрон" штамының белгілері коронавирустың әдеттегі белгілерінен ерекшеленетінін айтқан болатын. Оның айтуынша, науқастар "қатты әлсіздікті" сезінеді. Бұл ретте пациенттердің ешқайсында дәм мен иіс сезу жоғалғаны байқалмайды.

Сонымен қатар, кем дегенде 20 елде коронавирустың жаңа нұсқасы табылды және оның саны артуы мүмкін.


"Омикрон" штамы бүкіл әлемде Оңтүстік Африка ғалымдары оны тапқанға дейін тарала бастады. Содан бері бірқатар ел Оңтүстік Африкаға сапарларға тыйым салды.

Соған қарамастан ДДСҰ халықаралық саяхатқа толық тыйым салу коронавирустың таралуын тоқтатпайды деп санайды.