Омикрон штамын жеңдік - ДСМ басшысы

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

ДСМ басшысы омикрон штамын жұқтырғандар саны қысқа мерзім ішінде ғана артқанын атап өтті. Ол шамамен бір айға созылған - биыл 11 қаңтардан 9 ақпанға дейін.

"Бұл халықтың ұжымдық иммунитетіне байланысты болып отыр. Бірақ ауру әлі де таралуы мүмкін. Менің ойымша, вирус ретінде омикрон штамын жеңдік", - деп түсіндірді министр ОКҚ онлайн-брифингінде.

Ажар Ғиният бүгінде еліміздің барлық өңірі "жасыл" аймақта екенін еске салды.


"Бұл COVID-19 таралуын болдырмау үшін қабылданған шаралардың тиімділігіне байланысты болып отыр. Сонымен қатар, әлемде омикрон штамын жұқтырғандар саны артып жатыр. Бірқатар елде ол екі айдан аса уақытқа, кейбір елде үш айға созылады", - деп қорытындылады Денсаулық сақтау министрі.