Ғаламторға салынған жаңа видеоның астында осылай деп жазылған, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі. Бейнероликте лаңкестер өз істеріне өкініш білдіреді.
"Істегеніміз - өмірдегі ең үлкен қателік. Бұның қалай болғанын өзім де білмеймін. Алла куә ғой. Бірақ лаңкестік болған кездегі кейбір жерлерде есімді білмеймін. Ұйқылы-ояу сияқты күй кештім. Бастысы, білім алу керек екен. Бұл білімсіздіктен болды. Біреудің айтқанымен жүріппін" дейді жазасын өтеуші Әлібек Ақпанбетов.
Сондай-ақ, бейнероликте сөйлеген лаңкестер бұл ісі үшін әке-шешесінен ұялатынын айтқан. "Қазір оның (анасын айтады - ред.) жасы 50-ден асты... Ол мені 28 жасқа дейін асырады, орта білім берді. Жоғары білімді аяқтамадым. Мен үшін қолынан келгеннің бәрін жасады. Соның қайтарымын жасауым керек еді. Қазір, әрине, ұялып отырмын. Ата-ананы бағалап, оларға қамқор болу керек" дейді жазасын өтеуші Асхат Рахметов.