Өмір бойына бас бостандығынан айырылған Бо Силайдың үкімі қайта қарайлынбақ

Бо Силай сот процесінің барысында өзіне тағылған айыпты жоққа шығарып, жоғарғы сотқа шағым түсірді.

Биылғы жылдың тамыз айында өткен сот процесі барысында оның 22,44 млн. юань көлемінде пара алғаны, мемлекеттік қордан 5 млн.юань ұрлағаны, британ азаматының өліміне байланысты билікті асыра пайдаланғаны дәлелденген болатын.

Сот шешіміне сәйкес, Бо Силай саяси құқықтарынан өмір бойына айырылып, оның жеке активтері тәркіленді.