"Өмір ғой, бұны да көрейік": Ырысбала Икрамбай жеке өміріне қатысты күтпеген мәлімдеме жасады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Ол бұл туралы өзінің Instagram stories-те айтты.

“Ғайыптан тайып ажырасамын десеңіз, мен сияқты ЗАГС-қа келіп әуре болып жүрмеңіздер. Егер ортада бала, ортақ дүние-мүлік болса, онда тек сот ажырастырады екен. Біліп жүріңдер”, – деді блогер.

Сондай-ақ Ырысбала Икрамбай оқырмандарынан орынсыз ақыл-кеңес бермеуді өтінді.

“Өмір ғой, бұны да көрейік. Звондап, жазып өтірік жанашырлық танытпаңдар. Өз ақылым өзіме жетеді”, – деп жазды ол.