Өміраевтың бостандыққа шықсам деген үміті ақталған жоқ

Осындай шешім шығарылатынын күтсе керек, Мүсілім Өміраев тым салқынқандылық танытты. Былтыр желтоқсанда өз пәтерінде 100 мың долларды санап алып жатқан жерінен экс-шенеуніктің қолына кісен салынған болатын. Кейін оны әкемнің жылдық асы мен несиемді жабуға қарызға алдым деп талай ақталған еді. Десе де, бұл уәжге судья иланбай, шенеунікті 10 жылға бас бостандығынан айырды. Бірақ Өміраев үмітін үзбек емес. Алда әлі кассациялық алқа мен Жоғарғы сотқа шағымданбақ.


Владимир Русин, М. Өміраевтің адвокаты:

-Біз барынша негізді дәлелдер келтірдік. Дегенмен, сот басқаша шешім шығарды.  Алда  соттың екі  инстанциясы бар. Әлі де шағымданатын боламыз.