"Өмірде неше түрлі жағдай болады": Актриса Жанель Мақажан тағы да күйеуімен ажырасқанын мәлімдеді

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Ол отбасындағы жанжалды желідегі парақшасында бөлісті.

Актриса желіде үн қатты: отбасылық жанжал неден туындаған?

"Еріңе сенбе, екі босағаңа сен" деген қазақтың нақыл сөзін енді ғана түсінгендеймін.

1 айдай болды, 4 балам жанымда. Оған дейін екі кішкентай 1 ай әкесінде болған. Өмірде неше түрлі жағдай болады екен.
Қазір мен балаларыммен басқа жаққа көшіп кеттім. Қиындықтар бітін келді, алдағы уақытта бөлісемін", - деп жазды ол.

"Тұрмысқа шығып, сөнді де қалды": Түсіпбаева не деп қолдау көрсетті?

Актрисаға әнші Меруерт Түсіпбаев қолдау көрсеткен. Ол оны ТЮЗ-дағы бала кезінен білетінін және оған қолдау көрсететінін жеткізген.

Көптің тілеуі қандай?

Көпшілік Жанель Мақажанға қолдау көрсетіп, түрлі пікірлерін жаудырып жатыр.

"Екінші неке деген керек емес негізі, неге тұрмыс құруға асығасыздар?", "Аманаттарым деп отыр еді ғой Абай, ал не істеді сол аманатына?", "Қайда жүрсеңіз де аман жүріңіз, бастысы балаларыңыз қасыңызда" деп жазып жатыр олар.