Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Алла бақ берсін жандарым сол, өмірімнің жалғасы“…Абысын тату болса ас көп деген” Сендер тату болсаңдар, ұрпағымызбен бақыттымыз. Ата-ананың, бауырлардың, бала-шаға, құда-құдағи бәрінің татулығы сендердің қолдарыңда. Әпкелі-сіңілідей бір-біріңе әулеттің бақыты үшін, адал болыңдар. Ендігі өміріміз сендердікі, сол себепті өміріміздің жалғасы сендер. Ертеңгі күні біздер де сендердің қолдарыңа, көңілдеріңе қарап өмір сүреміз, ол өмірдің заңы. Ата-ананың батасы сендердің өмірлік бақ-берекелерің осыны ұмытпаңдар. “Бір әйелдің ақылы қырық есекке жүк” деген, бақытты болуларың үшін емес, осы әулет сендердің ұрпақтарың болғандықтан, бақытты етемін деген ниетпен, барлығына үлкен сеніммен қадам басуларыңа тілекшімін, жандарым сол! Мына суреттеріңді көріп толқып, қуанып отырмын. Алла бақ берсін!", - деп жазды Гүлзира Айдарбекова.