”Өмірлік жолдасының үстіне жүріс жүрген әйел ажыраса алмайды дегенге сенбеймін” - актриса Гүлшарат Жұбаева

Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Сатқындықты махаббат деп ақтап алатын қоғам болып барамыз. Соңғы жылдары әйел болсын, еркек болсын заңды некеде бола тұра жүріс жасау тренд болып барады. Оның үстіне олар өз махаббаттары үшін күресті деп ақтап алатындарды түсінбей-ақ өтетін шығармын. Орта жастан өткен соң бетімен кеткен қандай махаббат? Тым болмаса бастарын арашалап барып, қосылса ғой. Кете алмадым, жібермеді деген бос әңгіме. Өмірлік жолдасының үстіне жүріс жүрген әйел немесе еркек ажыраса алмайды дегенге сенбеймін. Дәл осы сатқындықты махаббат демеңіздерші, өтініш. Мұндай махаббатты "ұлы махаббат" деп насихаттамаңыздар. Отбасы деген құндылықты аялайық", - деп жазды актриса.