Бөлімнің ақпараттарына сүйенсек, кеше 16 сағат шамасында Семейден 40 шақырым қашықта жол полициясының патрулі Мақаншы - Семей рейсі бойынша жүріп келе жатып, бұзылып қалған қалааралық автобусты кездестірген. "Автобустың ішінде 40 жолаушы болған, олардың ішінде балалар да бар",- деп атап өтті қалалық жол полициясы бөлімінің қызметкерлері.
Полицейлердің болжамынша, автобуста дизельдік отын қатып қалған.
Бөлімнің мәліметтеріне сүйенсек, "осы уақытта ауа температурасы 30 градустан төмен болған". "Сондықтан да жолаушылар шұғыл түрде көшірілді. Полицейлер жол-жөнекей кетіп бара жатқан көліктерді тоқтатып, бір-екі адамнан қалаға жіберіп отырған",- деп түсіндірді жол полициясы бөліміндегілер.
Бөлімдегілердің айтуынша, жол полцейлері жыл басынан бері 90-ға жуық адамды құтқарған. "Бұл осы тектес үшінші оқиға. Осыған дейін біз аяз құрсауынан Қарағанды - Семей және Астана - Өскемен қалааралық автобустарды шығарып алған болатынбыз",- деп хабарлады жол полициясы бөлімінің қызметкерлері.