Он бес мыңға жуық қазақстандық армияға шақырылды

"Ағымдағы жылғы сәуірдің 13-і мен маусымның 30-ы аралығында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына кейінге шақырылуға немесе шақырылудан босатылуға құқығы жоқ шақырылым жасындағы 15 000-ға жуық азамат шақырылды",-делінген хабарламада.

2016 жылдың көктемгі шақыру науқанын аяқтап, жергілікті әскери басқару органдары 10 шілдеден бастап 2016 жылдың күзінде мерзімді әскери қызметке шақырылуға жататын шақырылушыларды алдын ала зерделеуге кіріседі.

Зерделеу шақырылушымен, оның ата-анасымен, сондай-ақ шақырылушы жұмыс жасап немесе оқып жүрген кәсіпорын немесе оқу орнының әкімшілігі өкілдерімен жеке әңгімелесу арқылы жүргізіледі.


Жеке әңгімелесу барысында шақырылушының моральдық және іскерлік қасиеттері, денсаулық жағдайы, дене тұрғысындағы дамуы, жалпы білімі мен арнайы дайындығы, отбасы жағдайы туралы мағлұматтар нақтыланады.