Он екі өңірде 8 089 учаскеде дауыс беру басталды – ОСК

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

"Таңғы 07.00-дегі жағдай бойынша 12 өңірде 8 089 сайлау учаскесі жұмысын бастады. Сонымен қатар 10 шет мемлекетте Қазақстанның өкілдіктері жанынан 12 учаске ашылды. 36 учаскеде аумақтық комиссиялардың шешімімен дауыс беру жергілікті уақытпен таңғы 06.00-де басталды", - деді Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров.

Уақыт белдеуіне байланысты бес өңірде – Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында дауыс беру жергілікті уақытпен таңғы сағат 07.00-де, яғни елорда уақытымен таңғы сегізде басталады.

Республика бойынша барлығы 10 012 референдум учаскесі құрылды. Ал 52 шет мемлекетте 65 сайлау учаскесі жұмыс істейді.


Айта кетері, бүгін, 5 маусым Конституцияға түзетулер енгізу жөнінде жалпыхалықтық референдум.

Бес облысты қоспағанда, елдің басым бөлігінде референдум учаскелері Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы жетіде ашылды.

18 жасқа толған қазақстандықтар кешкі 20.00-ге дейін дауыс бере алады. Азаматтардың өзімен бірге жеке куәлігі болуы керек. Кешкі сағат 20.00-де референдум учаскелері жабылады.