«Он и она» деп аталатын отандық фильм көрерменге жол тартты


Басты кейіпкер-алматылық қарапайым студент. Ол да басқалардай нағыз махаббатын кездестіруді армандайды. Күндердің күнінде сол арманы орындалып, сұлу қызды жолықтырады. Бірге жүріп көптеген қызықтарды бастан өткереді. Фильмде кешегі мен бүгінгі күн өз үйлесімін тапқан. Картина Алматының көрікті жерлерінде түсірілген. Басты рөлдерді жас актерлер Динара Бақтыбаева мен Жандос Айбасов сомдайды. Режиссер Сәкен Жолдас оқиғаның соңғы нүктесін қоюды көрерменнің еншісіне қалдырып отыр.