Он өңірде 18 жолда көлік қозғалысына тыйым салынған

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы KAZINFORM.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Абай облысында — бір учаске, жалпы ұзындығы — 177 км

  • «Омбы-Майқапшағай» — Қалбатау мен Боғаз арасы.

Ақмола облысында — 2 учаске, жалпы ұзындығы — 77 км

Дизельмен жүретін көліктер ғана.

  • «Екатеринбург — Алматы» — Жібек жолы — Қарағанды облысы шекарасы
  • «Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау» — Қабанбай батыр ауылынан Қарағанды облысы шекарасына дейін.

Алматы облысында — 2 учаске, жалпы ұзындығы — 99 км

  • «Алматы-Тау турбазасына кіреберіс» (жүк және қоғамдық көлік үшін)
  • «Алматы-Ташкент-Термез» — Жаңақұрылыс ауылы-Жамбыл облысы шекарасы (көліктің барлық түріне).

Шығыс Қазақстан облысында — бір учаске

  • «Омбы-Майқапшағай» — Абай облысы шекарасынан ҚХР шекарасына дейін (көліктің барлық түріне).

Жамбыл облысында — бір учаске, жалпы ұзындығы — 150 км

  • «Алматы-Ташкент-Термез» — Алматы облысы шекарасынан Қордай ауылына дейін (көліктің барлық түріне), Кенен мен Қайнар ауылы арасы (ескі Қордай асуы арқылы жүруге болады).

Жетісу облысында — бір учаске, жалпы ұзындығы — 100 км

  • «Үшарал-Достық» — Көктұма мен Достық арасы (көліктің барлық түріне)

Қарағанды облысында - 5 учаске, жалпы ұзындығы — 1251 км

Дизельмен жүретін автокөліктерге.

  • «Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау» — Ақмола облысы шекарасы мен Теміртау арасы
  • «Қызылорда-Павлодар» — Қарағандыдан Топарға дейін
  • «Екатеринбург-Алматы» — Ақмола облысы шекарасынан Балқашқа дейін.
  • «Қарағанды-Аягөз — Боғаз» — Ботақара мен Қарқаралы арасы
  • «Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара» — Павлодар облысы шекарасынан Ботақара кентіне дейін.

Қостанай облысында — бір учаске, жалпы ұзындығы — 83 км

  • «Жезқазған-Петропавл» — Ұлытау облысы шекарасынан Арқалыққа дейін (көліктің барлық түріне).

Павлодар облысында — 2 учаске, жалпы ұзындығы — 165 км

Шектеу тек дизельмен жүретін көліктерге.

  • «Қызылорда-Павлодар» — Қарағанды облысы шекарасынан Шідертіге дейін
  • «Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара» — Баянауыл мен Шідерті арасы.

Ұлытау облысында — 2 учаске, жалпы ұзындығы — 543 км

  • «Жезқазған-Петропавл» — Ұлытау кентінен Қостанай облысы шекарасына дейін (көліктің барлық түріне), Жезді мен Ұлытау арасы (дизельмен жүретін көліктерге)
  • «Қызылорда — Павлодар» — Жезқазған қаласынан Қарағанды облысы шекарасына дейін (дизельмен жүретін көліктерге).

Дәл қазір республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп-ұстауға 181 техника мен 274 адам жұмылдырылды.