Он тоғыз миллионыншы қазақстандық туралы не белгілі?

Бұл туралы Caravan.kz порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

19 миллионыншы қазақстандық 3 тамызда Алматыдағы перинаталдық орталықта дүниеге келген.

"Есімі - Жания Азаматқызы, ата-анасы: Азамат Нұрғалиев 1982 жылы туған, анасы Назгүл Көбентаева 1986 жылы туған, Алматы облысы, Іле ауданы, Чапаево ауылында тұрады", - деді әкімдік өкілдері.

Айта кетейік, 18 миллионыншы қазақстандық 2017 жылы тіркелген болатын, ол да Алматы облысының тұрғыны. 18 миллионыншы қазақстандық - 2017 жылдың 11 мамырында Талдықорған қаласында Мүслима Саматқызы. Мүслиманың ата-анасына үш бөлмелі пәтер сыйға тартылған болатын.