Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Ол Qasqa Jol YouTube арнасына берген сұхбатында бір реттік жөргектің зияны туралы айтты.
"Қазір еліміздегі 25 жастан асып үйленіп жатқандар жиі ажырасады. Неге? Олар памперс киім өскен балалар, бедеулік көп. Жігіттер бала таптыра алмайды. Ана памперс баланың ұрық безін кішкентай кезінен әлсіретіп, аталық ұрықтың күшін жойып тастаған. Үйленген он той жүргізсем, кейін бірнеше жыл өтпей солардың жетеуі ажырасып кетіп жатыр. Неге? Жігіттер бала тудыра алмайды, сосын отбасы ажырасады. Памперс киіп өскен жігіттер әлсіз жауыпсыз, жұбайы, әйелінің алдында да жауапсыз, қиындыққа төзбейді, тек жеңілге, дайынға үйреніп өскен. Себібі, ата—ана ана баланы сүйрелеп, жетектеп өсірген, өз бетінше өмір сүруге құлықсыз. Ала ұрпақ сүйе алмаған соң әйелдер ЭКО-ға жүгіреді. Ол болса таза бизнес", — деді Жұмамұрат Шәмші.
Сондай-ақ, ол ұрпақ тәрбиесі туралы ойымен де бөлісті.
"Ағартушылықпен айналысуымыз. Бала әке—шешенің алдында ештеңеге міндетті емес. Бала өмірге келуді қалап, сұрап алған жоқ. Сондықтан баланың мойнына жүк арту дұрыс емес деген ұғым бар. Бұл батыстық түсінік. Қазаққа жат", — деді тарихшы.