Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Бұл туралы ол желідегі парақшасында мәлімдеді.
"Бүгін Асар Уме қоры халықтан жинаған ақшаға есеп беріпті.
Есеп деп айтуға келмейді, өйткені қаржылық есепке банктен выпискалар, кіріс-шығыс нақты көрсетілу керек, бірақ олар өз есебінде “шамамен” деп қойып, 10 жасар баланы алдағандай қылып бірдеңе шимайлаған.
“Хабар” арнасында осы тақырып бойынша сюжет болды.
Мен Еркежан Шайхқа @shaikh01kz жазылғандықтан 1 аптадан бері бұл мәселеден хабарым бар. Осы уақытқа дейін үндемей отырған себебім, қайырымдылық қорлары қалай жұмыс істейтінінен білмегендіктен аудиториямды дүрліктіргім келмеді.
Бір сағат бұрын Айтбек Амангелді @aitym өзі де қайырымдылық қорын басқарғандықтан Асар Уменің жұмысына күмән білдірді.
Айтбектің эксперттілігіне сенімді болғандықтан ғана сіздердің назарларыңызды аударып жатырмын.
Түбегейлі дұрыс қаржылық есеп бермегенше бұл фондқа өз басым сенім білдіре алмаймын. Ал сіз әрине өзіңіз білесіз", - деп жазды ол.