Он жыл ішінде Шанхай ынтымақтастық ұйымы барлық сыннан ойдағыдай өтті

Бұл туралы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің мемлекет басшылары қабылдаған ақпараттық хабарламада айтылған.

«Ұйым аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен гүлденуіне көмектесетін көпфункционалды тиімді құрылымға айналды», - делінген ақпараттық хабарламада.

ШЫҰ-ның 10 жылдығында ұйымға төрағалық еткен Қазақстан өз миссиясын абыроймен орындады.