”Онда тұрған не бар”: Мақпал Исабекова әзілкеш Қанат Тасханмен қарым-қатынасы туралы ашық айтты

Бұл туралы әнші Instagram-дағы stories-де айтты, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

“Желілерде “Қанат аузыңа Райм түкіріп кетті ме” деген видео шулатып жүр. Соны маған көбіңіз жіберіп жатсыздар. Қанатпен біз осы жобада бірінші рет таныстық. Өте жақсы жігіт. Бірақ неге олай жаман ойлағандарыңызды білмеймін. Сондай жағдай болған күннің өзінде онда тұрған не бар? Одан еш әбестік көрмеймін. Біз доспыз”, - деді әнші.

Еске сала кетейік, “14 күн” атты фильмде Мақпал Исабекова мен Қанат Тасхан ерлң-зайыптының рөлін сомдаған еді.