"Орта бизнес кәсіпорындары үшін салық ахуалын жақсарту үшін барлық кәсіпкерлерді бес жыл мерзіммен корпоративтік кіріс салығынан босату арқылы преференциялар беруді ұсынамыз", - деді Т. Акуов.
"Мысалы, біздің көршіміз -Қытайдың кәсіпкерлері корпоративтік кіріс салығынан бес жылға толық босатылған. Ал біздің кәсіпкерлер корпоративтік кіріс салығын бірден төлеуге тиіс. Еліміздегі "Инвестицияялар туралы" заң мен Салық кодексіне сәйкес, отандық кәсіпкерлер қандайбір преференция ала алмайды", -деді төраға.